31 там, 2023 сағат 07:46

Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр жауады - синоптиктер

Фото:elements.envato.com

Қазгидромет алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Синоптиктер мәліметінше, алдағы үш тәулікте республиканың басым бөлігінде ауа-райының тұрақсыз сипаты сақталады.

"Найзағай ойнап, екпінді жел соғып, жаңбыр жауады, сондай-ақ бұршақ түсуі мүмкін.

Елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр мен ауа температурасының одан әрі төмендеуі болжанып отыр.

Ауа температурасының ең үлкен төмендеуі республиканың солтүстігінде күтіледі, онда ауа температурасы түнгі уақытта 5-10 градус, күндіз 10-18 градус жылы болады" - делінген хабарламада.

Тек Қазақстанның батысында, жоғары атмосфералық қысым өрісінің әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы, сондай-ақ күндіз ауа температурасының біртіндеп 25-30 жылуға дейін көтерілуі болжанады.