Фото: ашық дереккөз
«Қазгидромет» РМК 1–2 желтоқсан күндеріне арналған бірқатар өңірлер бойынша дауылды ескерту жариялады. Синоптиктер елдің басым бөлігінде тұман, көктайғақ және күшті жел болатынын хабарлады.
Астана:
1 желтоқсанда тұман күтіледі.
Жамбыл облысы:
1–2 желтоқсанда кей уақытта тұман. Солтүстік-шығыстан жел соғады. 1 желтоқсан күндіз және 2 желтоқсанда тәулік бойы облыстың солтүстік-шығысында, таулы аудандарында жел 15–20 м/с-қа жетеді.
Павлодар облысы:
1 желтоқсан күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында көктайғақ. Түнде солтүстік пен шығыста тұман күтіледі.
Солтүстік Қазақстан облысы:
1 желтоқсанда солтүстігі мен шығысында көктайғақ. Облыстың батысында тұман күтіледі.
Ақмола облысы:
1 желтоқсанда солтүстігі мен шығысында көктайғақ және тұман күтіледі.
Абай облысы:
1 желтоқсанда солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын. Оңтүстік және шығыс бөлігінде тұман күтіледі.
Шығыс Қазақстан облысы:
1 желтоқсанда солтүстігі, оңтүстігі және шығысында тұман күтіледі.
Қостанай облысы:
1 желтоқсанда солтүстік, батыс және оңтүстік аудандарында тұман.
Ақтөбе облысы:
1 желтоқсанда түнде және таңертең солтүстігі мен шығысында тұман күтіледі.
Түркістан облысы:
1 желтоқсанда батысы, оңтүстігі және таулы аудандарында тұман.
Қызылорда облысы:
1 желтоқсанда солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі.
Жетісу облысы:
1 желтоқсанда түнде және таңертең орталығында тұман.
Алматы облысы:
1 желтоқсанда түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі.
Ұлытау облысы:
1 желтоқсанда солтүстік, шығыс және орталық бөлігінде тұман.
Қарағанды облысы:
1 желтоқсанда солтүстік және оңтүстік бөлігінде тұман.
Батыс Қазақстан облысы:
1 желтоқсанда батыс, солтүстік және шығыс аудандарында тұман күтіледі.
Атырау облысы:
1 желтоқсанда түнде және таңертең солтүстік пен батысында тұман.
Маңғыстау облысы:
1 желтоқсанда солтүстік және орталық аумақтарында тұман күтіледі.
