16 қаз, 2025 сағат 10:07

Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына 16 қазанға ауа райы болжамы

Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидромет 16 қазанға Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарына ауа райы болжамын жариялады. Болжам бойынша елдің бірнеше қаласында үсік жүреді, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана қаласында күндiз ауа температурасы +7+9 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы -5-7 °C шамасында. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с көрсетеді.

Алматыда күндiз, ауа температурасы +14+16 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде 1-3 °C шамасында. Үсік жүреді. Солтүстік-шығыстан ұйытқитын желдің жылдамдығы: 3-8м/с.

Семейде күндiз ауа температурасы +2+4 °C, түнде -6-8 °C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды.

Қонаев қаласында күндiз ауа температурасы +12+14 °C көрсетсе, түнде 4-6 °C. Үсік жүреді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды.

Көкшетауда ауа температурасы күндiз +5+7 °C, ал түнде -3-5 °C болады деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с.

Ақтөбе қаласында көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, ауа температурасы күндiз +14+16 °C, ал түнда шамамен +5+7 °C болады.

Атырау қаласында күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +13 +15 °C шамасында, ал түнде ауа температурасы +6 +8 °C болады деп болжанып отыр.

Өскеменде ауа температурасы күндiз +2+4 °C, ал түнде -6-8 °C шамасында. Жаңбыр жаумайды деп күтілуде. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 1-6 м/с болмақ.

Тараз қаласында күн жылы, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +17+19 °C шамасында, түнде +1+3 °C күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с.

Талдықорғанда күн ашық, ауа температурасы күндіз +10+12 °C көрсетеді, ал түнде -7-9 °C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы

5-10 м/с.

Оралда күндіз күн бұлтты, жаңбыр жауады. Таңертең тұман күтілуде. Ауа температурасы +8+10 °C көрсетсе, түнде көпешілі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, ауа температурасы +1+3 °C көрсетеді.

Қарағанды қаласында да көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +6+8 °C шамасында болса, түнде -6-8 °C көрсетеді. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с шамасында

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +8+10 °C, түнде шамамен +1+3 °C. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14 м/с шамасында.

Қызылорда қаласында күндіз ауа температурасы +18+20 °C шамасында, аздаған бұлтты, жауын-шашын болмайды. Ауа температурасы түнде шамамен +3+5 °C көрсетеді.

Ақтау қаласында күн ашық, жылы, ауа температурасы күндіз +18+20 °C шамасында, түнде +10+12 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз.

Павлодар қаласында күн ашық, ауа температурасы күндіз 0;-2 °C, ал түнде -8-10 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с шамасында.

Петропавлда күндіз ауа температурасы +4+6 °C шамасында, ал түнде -5-7 °C көрсетеді деп болжануда. Көшпелі бұлтты, күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, екпіні 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында күн ашық, күндіз ауа температурасы +25+27 °C көрсетеді деп болжанса, түнде +8+10 °C болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13 м/с болмақ.

Шымкентте де күн жылы, ашық болады. Ауа температурасы күндіз +25+27 °C көрсетсе, түнде +8+10 °C шамасында. Солтүстік- шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13 м/с шамасында.

Жезқазған қаласында күндіз ауа температурасы +9+11 °C, ал түнде 0-2 °C шамасында. Жауын-шашын болмайды. Шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 9-14, күндіз екпіні 15-18 м/с шамасында.