15 қаз, 2025 сағат 09:07

Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарынна 15 қазанда ауа райы қалай болады?

Фото: Ашық дереккөзден

Қазгидрометтің болжамы бойынша 15 қазанда Қазақстанның ірі қалалары мен облыс орталықтарының басым бөлігінде әзірге жауын-шашын болмайды, деп хабарлайды Ult.kz.

Астана қаласында күндiз ауа температурасы +4+6 °C көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде ауа температурасы -10-12 °C шамасында. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с көрсетеді.

Алматыда күндiз, ауа температурасы +14+16 °C, көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Түнде +4+6 °C шамасында. Солтүстік-шығыстан ұйытқитын желдің жылдамдығы: 3-8м/с.

Семейде күндiз ауа температурасы +1+3 °C, түнде -7-9 °C көрсетеді. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды.

Қонаев қаласында күндiз ауа температурасы +14+16 °C көрсетсе, түнде +4+6 °C. Көшпелі бұлтты, жауын-шашын болмайды.

Көкшетауда ауа температурасы күндiз +5+7 °C, ал түнде -7-9 °C болады деп болжануда. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-ыығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с.

Ақтөбе қаласында аздаған бұлтты, жауын-шашын болады, ауа температурасы күндiз +13+15 °C, ал түнда шамамен +8+10 °C болады. Түнде де бұлт үйіріліп, жаңбыр жауады.

Атырау қаласында күндіз көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Ауа температурасы +19 +21 °C шамасында, ал түнде ауа температурасы +8 +10 °C болады деп болжанып отыр. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы күндіз 5-10 м/с.

Өскеменде ауа температурасы күндiз +1+3 °C, ал түнде -7-9 °C шамасында. Жаңбыр жаумайды деп күтілуде. Солтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с болмақ.

Тараз қаласында күн жылы, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +14+16 °C шамасында, түнде +1+3 °C күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с.

Талдықорғанда күн ашық, ауа температурасы күндіз +7+9 °C көрсетеді, ал түнде -5-7 °C болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы

5-10 м/с.

Оралда күндіз күн бұлтты, жаңбыр жауады. Таңертең тұман күтілуде. Ауа температурасы +10+12 °C көрсетсе, түнде көпешілі бұлтты, жауын-шашынсыз, тұман, ауа температурасы +5+7 °C көрсетеді.

Қарағанды қаласында да көшпелі бұлтты, жауын-шашын күтілмейді. Күндіз ауа температурасы +3+5 °C шамасында болса, түнде -6-8 °C көрсетеді.

Қостанайда көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз, күндіз ауа температурасы +8+10 °C, түнде шамамен -0-2 °C. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 9-14м/с шамасында.

Қызылорда қаласында күндіз ауа температурасы +17+19 °C шамасында, аздаған бұлтты, жауын-шашын болмайды, бірақ шаңды дауыл күтіледі. Ауа температурасы түнде шамамен +7+9 °C көрсетеді.

Ақтау қаласында күн ашық, жылы, ауа температурасы күндіз +18+20 °C шамасында, түнде +9+11 °C шамасында. Түнде тұман түсуі ықтимал.

Павлодар қаласында ауа температурасы күндіз 0;-2 °C, ал түнде -8-10 °C шамасында. Көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с шамасында.

Петропавлда күндіз ауа температурасы +2+4 °C шамасында, ал түнде -7-9 °C көрсетеді деп болжануда. Көшпелі бұлтты, күн ашық, жауын-шашынсыз. Оңтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы түнде 9-14, күндіз 15-20 м/с болады.

Түркістан қаласында күн ашық, күндіз ауа температурасы +24+26 °C көрсетеді деп болжанса, түнде +7+9 °C болуы ықтимал. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13, екпіні 15-20м/с болмақ.

Шымкентте де күн жылы болады. Ауа температурасы күндіз +24+26 °C көрсетсе, түнде +7+9 °C шамасында. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің жылдамдығы шамамен 8-13, екпіні 15-20м/с шамасында.

Жезқазған қаласында күндіз ауа температурасы +9+11 °C, ал түнде -1+1 °C шамасында. Жауын-шашын болжанып отырған жоқ