17 сәу, 2025 сағат 15:41

Қазақстанның Украинадағы елшісі ауысты

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Дархан Аманұлы Кәлетаевты Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатып, орнына Төлежан Барлыбаевты тағайындады, деп хабарлайды Ult.kz.

"Мемлекет басшысының Жарлығымен Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымына тағайындалды", — делінген Ақорданың хабарламасында.


Сондай-ақ бүгін Президент бірқатар мемлекеттің елшісінен сенім грамоталарын қабылдады.