22 қар, 2025 сағат 13:15

Қазгидромет Алматы, Атырау және 6 қаланың тұрғындарына ескерту жасады


Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сәриев


Қазгидромет Алматы, Атырау және бірнеше қаланың тұрғындарына ескерту жасады, - деп хабарлайды Ult.kz.


"Қазгидромет" синоптиктері 22 қарашада Алматы, Атырау, Шымкент, Қарағанды, Жезқазған, Балқаш, Теміртау және түнде Астана қалаларында ауа сапасы нашарлайтынын ескертті", - делінген хабарламада.


Қолайсыз метеорологиялық жағдай - ауаның беткі қабатында зиян заттар шоғырлануына ықпал ететін қысқа мерзімді метеофакторлар (тымық ауа райы, жел, тұман) жиынтығы.