12 ақп, 2024 сағат 13:16

"Қазкоммерцбанктегі" қаражат ұрлау дерегі: 45 миллиард теңгенің мүлкіне бұғат қойылды


Фото ©️ Tengrinews.kz

Алматы ҚМАД қала прокуратурасының үйлестіруімен ақшалай қаражатты ұрлау дерегі бойынша "Қазкоммерцбанк" АҚ-на қатысты қылмыстық іс шеңберінде параллельді қаржылық тергеу жүргізіп, соталды тәркілеу рәсімін жүзеге асырды, - деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

 

Соттың санкциясы бойынша, күдіктілердің жалпы сомасы 44,5 миллиард теңге болатын ауданы 300 гектарға жуық жер учаскелері мен автокөлік құралдарына бұған қойылған.

"Келтірілген залалды өтеу мақсатында ҚР ҚПК 667, 668-баптарының тәртібімен іздеуге жарияланған тұлғаларға қатысты қылмыстық жолмен өндірілген мүлікті сотқа дейінгі тәркілеу көзделген. Сот шешімі бойынша, мүлік Алматы әкімдігінің балансына қою арқылы мемлекет кірісіне айналдырылды", - делінген хабарламада.

 

Қазіргі уақытта аталған активтер мемлекет меншігіне берілді, ал тәркіленуге жататын өзге де мүлікті іздеу жалғасып жатыр.