Allur автомобиль компаниясының құрамына кіретін Chevrolet бренді 2025 жылды Қазақстанның ең мықты және танымал автомобиль брендтерінің бірі мәртебесінде аяқтады.
Жыл қорытындысы бойынша Chevrolet 38 880 автомобиль сатып, қазақстандық нарықта ұсынылған барлық автомобиль брендтері арасында екінші орынға ие болды. Өткен жылмен салыстырғанда брендтің сатылымы 25%-дан астам көрсеткішке өсті.
Жылдың ең маңызды жетістіктерінің бірі - қарашаның рекордтық көрсеткіші болды, онда бір айда 7777 Chevrolet көлігі сатылды. Мұндай жоғары көрсеткішке алғаш рет бір бренд қол жеткізді.
Сатып алушылар тарапынан сенімнің негізгі символы ретінде - Chevrolet Cobalt болып қала береді, бұл модель бес жыл қатарынан Қазақстандағы барлық автомобильдер арасында сату бойынша бірінші орынды иеленеді. Өткен жылы Cobalt тағы да елдің ең көп сатылатын көлігі болды: 31 802 автомобиль сатылды.
Chevrolet-тің жетістікке жетуінде жергілікті өндіріс маңызды рөл атқарады. Қазақстандық нарыққа арналған брендтің барлық автомобильдері, Cobalt пен Оnix үлгілерін қоса алғанда, General Motors технологияларын қолдана отырып, Қостанайдағы Allur зауытында шығарылады. Заманауи өндірістік процестер, роботталған желілер және сапаны бақылаудың қатаң стандарттары автомобильдердің сенімділігі мен халықаралық талаптарға сәйкестігін қамтамасыз етеді.