14 нау, 2023 сағат 17:22

ҚМДБ: Биыл Рамазан айы 23 наурызда басталады

Фото: muftyat.kz

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Рамазан айына орай БАҚ өкілдерінің қатысуымен баспасөз мәслихатын өткізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" muftyat.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚМДБ төрағасы мұсылман үмметі үшін ұлық саналатын Рамазан айы жайлы баяндап, журналистердің сұрағына жауап берді. 

«Біз Орталық Азия елдерінің мүфтилерімен, ондағы пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе және ғылыми зерттеулер нәтижесін ескеріп, ортақ шешім қабылдадық. Алла қаласа, биыл рамазан айы 23 наурызда басталады. Ал сәуір айының 17-нен 18-не қараған түн – қасиетті Қадір түні. 21 сәуір – ораза айт мерекесі» - деді Наурызбай қажы Тағанұлы.