06 қыр, 2025 сағат 15:02

Конго Республикасының Президенті Қазақстанға мемлекеттік сапармен келеді


Фото: Ақорда


Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен 9–10 қыркүйек күндері Қазақстанға Конго Демократиялық Республикасының Президенті Феликс Чисекеди мемлекеттік сапармен келеді.


- Сапар аясында жоғары деңгейдегі келіссөздер өткізіліп, екіжақты ынтымақтастықтың даму перспективалары талқыланады, - деп жазды Ақорданың ресми сайты.



Айта кетейік, тамыз айының соңында Мемлекет басшысы Конго президентінің арнаулы өкілі Патрик Мпойи Луабеяны қабылдаған болатын.