Фото: Видеодан скриншот
Елордада өткен Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның алғашқы отырысында белгілі заңгер Серік Ақылбай Қазақстанда дінді саясиландыру қатерін жоюды ұсынды, деп хабарлайды Ult.kz.
Оның айтуынша Ата заң мәтінінде діннің мемлекеттен бөліну қағидаты орныққан. Аталған қағидат зайырлық идеясынан туындағанымен, Конституцияда ашық, әрі айқын түрде тұжырымдалмаған.
"Конституциялық құқық тұрғысынан бұл мәселенің түбегейлі маңызы бар. Мемлекеттің зайырлығы Конситуциялық сипаттың да құқық қолдану практикасы мен саяси мән-жайына байланысты әр түрлі пайдаланылуы мүмкін. Сонымен қатар діннің мемлекеттен бөлінуі қағидаты, діни бірлестіктердің жария билік органдарының қызметіне араласу шегін және керісінше мемлекеттің діни шараларға қатысу шекараларын айқындайды. Дәл солай аражігін ажырату мемлекеттік блиіктің бейтарап сипатын қамтамасыз етуге, мемлекетті қандай да бір дінмен немесе конфенциямен теңестіруді болдырмауға және әртүрлі дінді ұстанатын азаматтар мен ешқандай дін ұстанбайтын азаматтарға бәріне бірдей көзқарас қалыптастыру; Бұл тұрғыда алғанда діннің мемлекеттен бөлінуі ар-ождан бостандығын шектемейді, керісінше оның құқықтық кепілі болып табылады. Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, осы мәселе құқықтық айқындықтың маңызы ерекше. Дінді мемлекеттен бөлу туралы тікелей Конституциялық нормаларының болмауы құқық қолдану тәжірибесінде екіұштылыққа жол береді. Жоғарғы заңдық күшіне енген акт ретінде Конституцияға мұндай нәзік салаға кеңейтілген түсіндіруге жол бермеуге тиіс", - деді заңгер.
