02 ақп, 2020 сағат 19:02

Коронавирус: Қазақстан Уханнан 18 қырғызстандық студентті эвакуациялады

Қырғызстанға Кытайдың Ухан қаласынан 18 студент жеткізілді. Бұл туралы Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Министрлік таратқан мәліметтер бойынша, бүгін 2 ақпан күні арнайы бортпен Нұр-Сұлтан қаласы арқылы 18 қырғыз студенті Бішкекке жеткізілді.

«Олар әуежайда тиісті тексеруден өткізіліп, Бішкек қаласының маңындағы ауруханаға жатқызылды», - деп хабарлады министрлік өкілдері.

Карантин кезінде Уханнан жеткізілген азаматтармен әзірге медицина мамандары ғана байланыста.

«Қосымша мәліметтер үшін Қырғызстаның Денсаулық сақтау министрлігінің шұғыл штабынан білуге болады. 01312 66-06-63», - делінген хабарламада.