11 нау, 2026 сағат 17:01

Қостанай облысында боран күшейіп, жолдар жабылды

Фото: ашық дереккөз

Синоптиктердің мәліметінше, кей жерлерде желдің жылдамдығы сағатына 36 шақырымға дейін жеткен. Ауа температурасы –14 градус болғанымен, қатты желдің әсерінен –30 градус болып сезіледі, деп хабарлайды Ult.kz.

Төтенше жағдайлар қызметі бұған дейін ауа райының күрт бұзылатынын ескерткен болатын.

Қазір өңірде 7 республикалық және 10 облыстық маңызы бар жол жабылды. Мамандар тұрғындарға алыс жолға шықпауға кеңес береді. Ал оқушылар уақытша онлайн форматта білім алып жатыр. Синоптиктер ертең де боран жалғасуы мүмкін екенін ескертті.