29 жел, 2019 сағат 15:40

Роналду желіде өзі кездескен қазақстандық бала туралы пікір білдірді

Италияның «Ювентус» футбол клубы мен Португалияның шабуылшысы Криштиану Роналду өзінің қазақстандық Әли Тұрғанбековпен кездесуі туралы айтты, деп хабарлайды Sports.kz.

«Сенімен кездесу өте керемет өтті, аса қуаныштымын», - деп жазды Роналду өзінің 195 млн жазылушысы бар Instagram аккаунтында.

Айта кетейік, Әлидің екі аяғы жоқ. Соған қарамастан ол футболды жақсы көреді. Бұған дейін ол Леонель Месси, Неймар, Киллиан Мбаппе және Мохамед Салах сияқты футбол жұлдыздарымен кездескен болатын.

Ал Әли мен Роналдудың кездесуін ресейлік UFC-дің жекпе жек шебері Хабиб Нурмагомедов ұйымдастырған. Ол Әлимен өзінің Алматыға сапары барысында танысқан.