29 қар, 2023 сағат 12:19

Қырғызстанда отшашу тиелген жүк көлігі жол апатына ұшырады


Қырғызстандағы тасжолдың бірінде пиротехникалық заттар тиелген көлік апатқа ұшырады. Апат салдарынан бір адам қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz порталы 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Ыстықкөл облысы, Тоң ауданы, Бішкек – Нарын – Торугарт тасжолында адам өлімімен аяқталған жол апаты болды. Ведомство мәліметінше, отшашу құрылғылары тиелген Howo маркалы ауыр көліктің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, апатқа ұшыраған. Жүк көлігі өртеніп, салдарынан отшашу жарылған.

Өрттен салонда болған адам қаза тапты. Қызыл жалынды сөндіруге екі өрт сөндіру бригадасы жұмылдырылған.