15 ақп, 2025 сағат 12:15

Қытайдан Қазақстан арқылы өтетін автокөлік транзиті 67%-ға өсті


Фото: symlog.eu


Өткен 2024 жылмен салыстырғанда ел бойынша автомобильдік транзиттік тасымалдау көлемі 39 пайызға артып, шамамен 5 миллион тонна жүкті құрады, деп хабарлайды Ult.kz inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.    

            

Бұл ретте Қытайдан транзит 67%-ға өсті (1,5 млн тоннадан 2,5 млн тоннаға дейін). Транзиттік тасымалдардың динамикасын сақтау және одан әрі өсуін қамтамасыз ету үшін министрлік мынадай шараларды жүзеге асырады:

Түркия, Ресей, Латвия, Литва елдерімен шетелдік рұқсат бланкілерін электронды форматқа көшіру.


Португалия және Даниямен автомобиль тасымалы бойынша жаңа үкіметаралық келісімдер жасау арқылы тасымалдау географиясын кеңейту.


Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру үшін Қазақстан қазіргі уақытта 42 үкіметаралық келісім жасасты, олардың негізінде министрлік жыл сайын рұқсат бланкілерімен алмасады.