25 жел, 2023 сағат 14:58

Леонардо Ди Каприо Қазақстан Үкіметін құттықтады

©️ Fox News

Танымал америкалық актер, Голливуд жұлдызы Леонардо Ди Каприо киік популяциясының қалпына келуіне байланысты Қазақстан Үкіметіне үндеу жасады, деп хабарлайды Kazinform агенттігі.

- Ақбөкен Халықаралық табиғатты қорғау одағының Қызыл тізімінде жойылып кету қаупі төнген санатқа қайта жіктелді. Бұрын-соңды болмаған бұл қалпына келтіру — Қазақстандағы ақбөкен популяциясының керемет сақталғанын көрсетеді. 2005 жылы небәрі 48 000 болған түр қазір жабайы табиғатта 1,9 миллионнан асады, - деп атап өтті Ди Каприо.

Осыған байланысты Голливуд жұлдызы Қазақстан Үкіметіне алғыс білдірді.

«Браконьерлікпен күрес жөніндегі бастамаларға, құқық қорғау жүйесіне және қорғалатын табиғи аумақтарды құруға қомақты қаржы бөлген Қазақстан үкіметін құттықтаймын. Сіздер табиғатты қорғау ұйымдарымен, университеттермен және ғалымдармен ынтымақтаса отырып, бірлескен күш-жігер арқылы табиғатты қорғау саласында шынайы табысқа қол жеткізудің жарқын мысалы бола алдыңыздар», - деп жазды актер.