Фото: Reuters
Сот отырысы басталғаннан бірнеше минут өткен соң судья Элвин Хеллерстайн Николас Мадуродан өзін таныстыруды сұрады.
"Мен — Венесуэланың президентімін, мені Каракастағы үйімде ұстап әкетті", — деп мәлімдеді Мадуро (Reuters).
Судья оның сөзін бөліп тастады.
Айыптау құжаттарының қысқаша мазмұны жарияланғаннан кейін Мадуро Нью-Йорк федералдық сотында өз кінәсіздігін жариялады.
"Мен кінәлі емеспін. Мен — адал адаммын. Мен әлі де өз елімнің президентімін", — деді ол.
Судья Хеллерстайн Мадуро мен оның жұбайына Нью-Йоркте федералдық айыптар бойынша қамауда отырған кезеңде Венесуэла консулдығымен байланысу құқығы бар екенін ескертті. Мадуро бұл құқықты пайдаланғысы келетінін айтты.
Мадуроның адвокаты Барри Поллак Нью-Йорктегі сотта қазіргі таңда қорғау тарапы өзінің қорғауындағы тұлғаны кепілмен босатуды талап етпейтінін хабарлады. Сонымен бірге, қорғау тарапы бұл жөнінде кейінірек тиісті өтініш беруді жоспарлап отырғанын мәлімдеді.
Сот отырысының қорытындысы бойынша судья Мадуроны 17 наурызда ісі бойынша өтетін тыңдауға сот алдына келуге міндеттеді.
Бұған дейін Мадуро өзін қорғау үшін Вашингтондағы адвокат Барри Поллакты жалдағаны хабарланған еді. Ол 2024 жылы WikiLeaks негізін қалаушы Джулиан Ассанжға АҚШ прокуратурасымен келісімге келіп, бостандыққа шығуына көмектескен.
