14 мам, 2023 сағат 18:43

Махмұд Сабырхан бокстан әлем чемпионы атанды - видео

сурет ашық дереккөзден алынды

Қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатында алтын медаль иеленді.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бақ сынаған Махмұд Сабырхан өзбекстандық Ойбек Джураевпен шаршы алаңға шығып, айқын басымдықпен жеңіске жетті. "Қазақтың Ломаченкосы" деген лақапатқа ие дарынды боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға да жіберді.

Айта кетейік, бүгін қазақстандық Асланбек Шымбергенов (71 кг) пен Нұрбек Оралбай (80 кг) да алтын медальға таласады.

Еске салайық, бұған дейін финалда грузиялық боксшымен қолғап түйістірген Санжар Тәшкенбай ел қоржынына алғашқы "алтынды" салған еді. Ал 67 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандасымыз Дулат Бекбауов өзбек боксшысы Асадхудж Муйдинхуджаевтен жеңіліп, күміс жүлдені місе тұтты.

видео: Qazaqstan ұлттық арнасы