27 ақп, 2023 сағат 11:54

Мәжіліс депутаттары сайлауында қанша қазақстандық дауыс береді?

Фото: © РИА Новости / Нина Зотина

Орталық сайлау комиссиясы Парламент Мәжілісі депутаттары сайлауында 12 миллион 32 мың 550 адам дауыс беретінін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Біз 26 ақпанда қолда бар сайлаушылар тізімін алып, сайлау учаскелеріне тапсырдық. 26 ақпандағы жағдай бойынша, жергілікті және атқарушы органдардың сайлау учаскелеріне 12 32 550 азамат енгізілді.

Біз қос дауыстың жоқтығын тексердік, бұл - қайталанусыз және бірнеше дауыс беру орындарына енгізілмеген 12 миллион 32 мың 550 бірегей сайлаушылар", - деді Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оның айтуынша, 4 наурыздан бастап азаматтар тізімге енгізілген-енгізілмегенін тексеру мүмкіндігіне ие болады.