01 қаз, 2025 сағат 15:55

Медициналық ЖОО-ға түсу талаптары күшейтілді

Фото: Depositphotos

Қазақстанда 2025 жылдан бастап медициналық жоғары оқу орындарына қабылдау тәртібі өзгерді. Денсаулық сақтау министрлігі болашақ дәрігерлерді даярлау сапасын арттыру мақсатында бірқатар жаңа талаптарды енгізді, деп хабарлайды Ult.kz.

Негізгі өзгерістер:

  • Гранттар: биыл медициналық бакалавриатқа 2700 грант бөлінді, оның ішінде 2536-сы игерілді. Әлеуметтік осал топтар мен шетел азаматтарына да квота қарастырылды.

  • Ақылы бөлім қысқартылды: 2025 жылы ақылы негізде 4973 талапкер ғана қабылданады.

  • Өту балы артты: енді түсу үшін ең төменгі шекті балл – 70. Ал мемлекеттік грантқа түсушілерге кемінде 100 балл қажет. Шетелдіктер үшін ағылшын тілін білу сертификаты міндетті болды.

  • Интернатура: биыл 6 бағыт енгізіліп, 4356 студент оқуға қабылданды. Оның басым бөлігі жалпы практика дәрігерлерін даярлауға бағытталды.

  • Резидентура: жыл сайын 2500 грант бөлінеді. 2025 жылы алғаш рет педиатрия саласы бойынша 14 жаңа бағыт ашылып, 188 грант берілді.

  • Ғылым: магистратураға – 325, PhD-докторантураға – 160 грант қарастырылған.

Министрліктің мәлімдеуінше, бұл өзгерістер болашақ мамандардың клиникалық дағдыларын нығайтуға, бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және елді жоғары білікті дәрігерлермен қамтамасыз етуге ықпал етеді.