28 нау, 2023 сағат 14:27

Меккеге бара жатқан автобус апатқа ұшырады: 20 адам қаза тапты

Фото: @AlArabiya_KSA

Сауд Арабиясында жеңіл көлік пен автобустың соқтығысуы салдарынан кем дегенде 20 адам қаза тауып, тағы 29 адам зардап шекті, - деп хабарлайды Tengritravel.kz сайты Saudi Gazette-ге сілтеме жасап. 

Басылым мәліметінше, жол апаты Абха қаласы мен Махаил Асир мухафазасын (провинция) қосатын Акаба Шаар атты жолда болған. Тежегіші істен шыққаннан кейін, жолаушылар автобусының жүргізушісі басқаруды игере алмай көпірге соқтығысып, аударылған, артынша өртенген. Зардап шеккендер ұмра жасау үшін Меккеге бара жатқан. 

Азаматтық қорғаныс және Сауд Арабиясының Қызыл Жарты Ай командалары, сондай-ақ қауіпсіздік органдары апат туралы ақпарат алғаннан кейін оқиға орнына дереу жетіп, құтқару жұмыстарын бастады. Апаттан кейін жол қозғалысы бірнеше сағатқа жабылды. Қайтыс болған қажылардың, сондай-ақ жаралылардың денелері аймақтың бірнеше ауруханаларына жеткізілді. Зардап шеккендердің көпшілігін күйік шалған.