01 мау, 2025 сағат 12:48

Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді – Президент


Фото: Ақорда


Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  


– Балаларды қорғау күні құтты болсын! Жас ұрпаққа тағылымды тәрбие, сапалы білім беріп, олардың бойына асыл қасиеттерді сіңіру – баршаға ортақ парыз. Мемлекет балалардың жан-жақты дамуына барлық жағдайды жасай береді. Әрбір бүлдіршіннің балалық шағы бақытты, болашағы баянды болсын! – деп жазды Президент Х әлеуметтік желідегі өзінің парақшасында.


Айта кетелік 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күні.