09 қыр, 2025 сағат 10:31

Мемлекет басшысы Солтүстік Македония Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Гордана Силяновска-Давкованы Солтүстік Македония Республикасының ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Мемлекет басшысы Балқан түбегіндегі Қазақстанның сенімді серіктестерінің бірі саналатын Солтүстік Македония Республикасымен дәстүрлі достық және өзара түсіністік рухындағы ынтымақтастық ұдайы дами беретініне сенім білдірді.