21 шіл, 2025 сағат 09:26

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айтты

Фото: Zakon.kz

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған «Вифа» тайфуны салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді, деп хабарлайды Ult.kz.

"Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін", – делінген жеделхатта.