Фото: Ақорда
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары аудиторлық палатаның төрағасы Әлихан Смайыловты қабылдап, былтырғы жұмыстардың нәтижелері мен ағымдағы жылға арналған жоспарларды талқылады, деп хабарлайды Ult.kz.
2024 жылдың нәтижелері:
- 214 нысанда жалпы құны шамамен 11 триллион теңгеге жететін 27 аудиторлық іс-шара өткізілген.
- Нәтижесінде, 862 миллиард теңге көлеміндегі түрлі заң бұзушылықтар анықталды.
- Бюджетке 135 миллиард теңге қайтарылды, бұл 2023 жылғы көрсеткіштен бес есе артық.
Аудит нәтижелері:
- Құрылыс нысандарындағы баға қалыптастыру, өңдеу өнеркәсібі жобаларын қаржыландыру, ауыл шаруашылығын субсидиялау салаларында тұрақты олқылықтар тіркелген.
- Жоғары аудиторлық палата заң бұзушылықтарды жою үшін Үкіметке ұсынымдар жолдап, жауапты мемлекеттік органдарға нұсқамалар берген.
2025 жылға жоспар:
- 40-тан астам аудиторлық іс-шара өткізіледі.
- Тексерілетін нысандар қатарына Астана мен Алматы қалалары, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Жамбыл облыстары, сондай-ақ «Самұрық-Қазына» қоры, «Қазатомөнеркәсіп», KEGOC, Ұлттық банк және Төтенше жағдайлар министрлігі кіреді.
- Ғылым, қорғаныс, құқықтық тәртіп, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету, орман шаруашылығы салаларында аудит жүргізіледі.
Президенттің тапсырмасы:
Мемлекет басшысы мемлекеттік аудит жүйесін жетілдіруді жалғастыруды және бюджет қаражатының тиімді игерілуін бақылау үшін заманауи цифрлық шешімдерді енгізуді тапсырды.
Бұл шаралар бюджет қаржысының тиімділігін арттыруға және мемлекеттік басқару жүйесінің ашықтығын қамтамасыз етуге бағытталған.
