15 сәу, 2024 сағат 09:30

Мемлекеттік материалдық резервтен шығарылған азық-түлік Құлсарыға жіберілді


Фото: ortcom.kz


Төтенше жағдайлар министрлігінің бұйрығына сәйкес мемлекеттік материалдық резервтен Атырау облысының Құлсары қаласына азық-түлік жіберілді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Эвакуацияланған азаматтарды азық-түлікпен қамтамасыз етуге арналған 264 тонна азық-түлік қоры броньнан шығарылды.


Сондай-ақ, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында су тасқынын жоюға жұмылдырылған әскери қызметшілер үшін 92 тонна азық-түлік броньнан шығарылды.