Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Мейрамбек Бесбаев жас әріптесі Еркеш Хасенге автокөлік сыйға тартты. Бұл туралы Еркеш Хасен өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, аға буын өкіліне алғысын білдірді, деп хабарлайды Ult.kz.
«Cover show» бағдарламасының түсірілімінен кейін таксимен қайтан інісіне жаны ашыған өнер иесі ертеңінде әріптесін кеңсесіне шақырып, көлік сатып алуы үшін арнайы қаражат аударуға ниетті екенін жеткізген.
Мейрамбек Бесбаев берген уәдесін көп ұзамай орындап, Еркеш Хасеннің есепшотына қажетті соманы аударып берді. Жас әнші ағасы сыйлаған қаражатқа жаңа темір тұлпар сатып алып, қуанышын оқырмандарымен бөлісті.
