08 сәу, 2026 сағат 12:42

NASA: Artemis II экипажы Ай маңынан Жердің әсерлі көріністерін түсірді

Фото: видеодан скриншот

NASA жүзеге асырып жатқан Artemis II миссиясының экипажы 2026 жылғы 6 сәуірде Айды айналып ұшу кезінде Жер мен Айдың ерекше көріністерін түсірді, деп хабарлайды Ult.kz.

Атап айтқанда, «Earthset» деп аталатын сәт – Жердің Ай көкжиегінің ар жағына батып бара жатқан көрінісі бейнеленген. Бұл уақытта Жердің жарық бөлігінде Австралия мен Океания аймақтары анық көрінсе, қараңғы бөлігінде түнгі уақыт болған.

Миссия барысында Orion капсуласы Айдың арғы бетіне өткен кезде жоспарлы түрде байланыс үзілісі орын алды. Байланыс қайта орнатылған соң, экипаж мүшесі Christina Koch алғашқы әсерімен бөлісіп, «Жермен қайта байланыс орнату – керемет сезім» екенін айтты.

Жоба аясында түсірілген бұл кадрлар ғарыштан Жердің әсемдігін тағы бір мәрте паш етіп, адамзаттың өз планетасына деген көзқарасын айқындай түсті.