Фото: видеодан скриншот
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Шахтинск қаласындағы тұрғын үйлердің бірінде тұрмыстық газ баллоны жарылып, 8 адам зардап шеккен, деп хабарлайды Ult.kz.
Құтқарушылар 4 минутта оқиға орнына жетіп, 5 адамды эвакуациялаған. Кей тұрғындар Полиция қызметкерлерінің көмегімен сыртқа шыққан.
Зардап шеккен азаматтар ауруханаға жеткізілді. Олардың қатарында 5 полиция қызметкері бар. Өрт 40 шаршы метр аумақты қамтыған. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
