14 там, 2016 сағат 17:06

Мейвезер Елеусіновтің техникасына тәнті болды (Видео)

АҚШ-тық кәсіпқой боксшы Флойд Мейвезер (49-0, 26 КО) Рио Олимпиадасында қазақстандық боксшы Данияр Елеусіновтің жекпе-жегін тамашалап, отандасымыздың өнеріне қайран қалғанын жасыра алмады, деп хабарлайды BNews.kz.

Елеусінов ширек финалда венесуэлалық Габриэль Маэстрені 3:0 есебімен айқын ұтты. Осы кезедсуді тамашалаған америкалық боксшы Даниярдың өнеріне қол шапалақтаумен болды. 

Мейвезер Риоға келгендегі себебі – болашақ чемпиондарды іздеу екенін айтады. Кәсіпқой карьерасын тәмамдаған боксшының Mayweather Promotions промоутерлік компаниясы бар, қазір ол сонда кәсібін дөңгелетіп отыр.