01 нау, 2026 сағат 13:31

Михаил Шайдоров туралы ерекше жоба: балалық шақтан Олимпиада жеңісіне дейін

Жасанды интеллект көмегімен қазақстандық спортшы Михаил Шайдоровтың балалық шағынан бастап Олимпиададағы тарихи жеңісіне дейінгі өмір жолы баяндалған ерекше форматтағы видео жарық көрді.

Жоба спортшының спортқа келген сәтінен бастап, табанды еңбегі, жаттығу барысындағы қиындықтары мен халықаралық аренадағы жетістіктерін заманауи технология арқылы әсерлі түрде көрсетеді. Жасанды интеллект құралдарының көмегімен оның өміріндегі маңызды кезеңдер көркем әрі динамикалық форматта ұсынылған.