30 қаң, 2024 сағат 14:55

Министр елдегі су қоймаларын жөндеуге қанша теңге керек екенін айтты

© Photo: Қостанай облысы ТЖД баспасөз қызметі

Қазақстанда барлық су қоймасын реконструкциялауға және жөндеуге 2 триллион теңге қажет. Бұл туралы Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Министрлік су шаруашылығы құрылыстарына, соның ішінде су қоймаларына инвентаризация жүргізген.

"Республикада 400-ден астам су қоймасы бар. Біз жергілікті атқарушы органдармен бірге кешенді жоспарды бекіттік. Жергілікті органдармен келіскен бүкіл жұмысты орындауға шамамен екі триллион теңге қажет. Оған су қоймалары ғана емес, ирригациялық жүйелер де кіреді, цифрландыру, су үнемдеу технологиялары бар", - деді Нұржігітов Үкіметте өткен брифингте.

Айта кетейік, бүгін Үкіметте 2024-2030 жылдарға арналған су ресурстарын басқару жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы бекітілді.