Фото: Аqmeshit-aptalygy.kz
Ауыл шаруашылығы министрлігінің айтуынша, 3 400–3 500 теңге - өндірушілер бекіткен сиыр етінің орташа көтерме бағасы, - деп хабарлайды Ult.kz.
Ведомствоның мәліметінше, елордадағы сауда орындарында ет бағасына жеткізу, сақтау және басқа да шығындар қосылады.
"Нәтижесінде Астанада бөлшек баға килограмына 3 700–4 300 теңгеге жетеді. Ал әлеуметтік маңызы бар тауарлар қатарына кіретін төстік-жауырын бөлігіне сауда үстемесі 15 пайыздан аспайтынын ескерсек, ол 3 100–3 400 теңге аралығында сатылады", – деп хабарлады министрлік.
Сондай-ақ, ведомство дерегінше, өңірлерде еттің орташа бағасы келісіне 3 500–4 300 теңге көлемінде.
"Ал жоғары деңгейлі бөліктердің (сиыр филесі, қалың және жіңішке жиегі, белдің бір бөлігі) және басқа да бөліктердің (жамбас еті, іш майы және т.б.) бағасы мемлекет тарапынан реттелмейді, нарықтық жолмен қалыптасады", – деді министрліктен.
Бұған дейін министрлік 1 келі еттің орташа өзіндік құны 2 800–3 100 теңге болатынын, оған 15 пайыз көтерме үстеме қосылғанда баға 3 400–3 500 теңгеге шығатынын хабарлаған.
