Фото: ашық дереккөз
Қаржы вице-министрі Ержан Біржановтың айтуынша, аударымдарға қатысты талап сақталмаса, яғни 3 талап бірдей бұзылса ғана тексеріледі, деп хабарлайды Ult.kz.
Атап айтқанда:
- - 100 түрлі адамнан ақша түссе;
- - 100 адам бір адамға үш ай қатарынан ақша аударса;
- - Аударылған сома 1 млн 20 мың теңгеден асса.
«Егер туыстар арасында ақша аударылса, 1–2 млн теңге болса да тексерілмейді. Ал бір адамға 3 ай қатарынан 100-ден астам адам аударым жасаса және ақша 1 млн теңгеден асса ғана бақылауға алынады», - деді Ержан Біржанов.
