Фото: tabnak.ir
Иранның Сарапшылар кеңесі Иран Ислам Республикасында жаңа жоғарғы көшбасшы болып Моджтаба Хаменеиді тағайындады, деп хабарлады Ult.kz.
Жергілікті уақыт бойынша 9 наурыз дүйсенбіге қараған түні төтенше түрде өткізілген отырыста мүшелер бірауыздан дауыс беріп, оны ел тарихындағы үшінші жоғарғы көшбасшы ретінде таңдаған.
Моджтаба Хаменеи 1969 жылғы 8 қыркүйекте Мешхед қаласында дүниеге келген. Ол Әли Хаменеидің алты баласының екіншісі. 56 жастағы Моджтаба ұзақ уақыт бойы көпшілік назарынан тыс өмір сүрді. Ол мемлекеттік қызмет атқармаған, көпшілік алдында сөз сөйлемеген және сұхбат бермеген.
40 жыл бойы елдің жоғарғы көшбасшысы болған Әли Хаменеи өткен аптада АҚШ пен Израиль жасаған соққының салдарынан қаза тапқан болатын.
