29 қыр, 2020 сағат 14:05

Мұрат Бақтиярұлы: Өзің ойлап көрші, 42500 теңге бір айыңа жете ме?

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің төрағасы Мұрат Бақтиярұлымен еліміздегі әлеуметтік мәселелерге қатысты әңгімелескен едік.

Біздің денсаулық сақтау саласы коронавирус індетіне дайын болмай қалды. Оны Мемлекет басшысы да айтты. Сондықтан қазіргі кезде медицина саласына түбегейлі өзгерістер керек. Оның ішінде мамандар даярлаудан, олардың жалақысын дұрыстаудан бастап, тиісті медициналық құрал-жабдықтармен толыққанды қамтамасыз ету бар, тиісті дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз ету бар. Міне, осы мәселелер толық шешімін тапқанда ғана медицина саласы дұрысталады деп айта аламыз, – дейді сенатор.

Сонымен қатар Мұрат Бақтиярұлы коронавируспен күреске бөлінген 6 триллион теңгенің қайда жұмсалып жатқанына, еліміздегі әлеуметтік салалардың қазіргі жағдайына, төтенше жағдай кезінде жұмыссыз қалған азаматтарға берілген 42500 теңгеге жеке-жеке тоқталды.

Baq.kz