Фото: Абай облысы әкімдігі
Неслихан Өзтүрік қазіргі уақытта Германияның Мюнхен қаласында тұрады, деп хабарлайды Ult.kz.
«Мен Германияда туып-өстім. Абай еліне, Семей қаласына алғаш рет келіп отырмын. Ата-бабаларымның туған жеріне келіп, ерекше сезімді бастан кешіп отырмын», – деді Неслихан Өзтүрік.
Ол облыс әкімімен кездесті. Кездесу барысында Мұстафа Өзтүрік есімін ұлықтау, оның өнегелі өмір жолын жас ұрпаққа кеңінен насихаттау жайы сөз болды.
