Қазақ тіліне дубляждалған Walt Disney-дің «Мұзды өлке-ІІ» анимациялық фильмі 28 қарашадан бастап кинотеатрлардан көрсетіле бастайды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат».
Айта кетейік, «Walt Disney Animation Studios» жасаған «Мұзды өлке» толықметражды анимациялық фильмі 2013 жылы жарыққа шыққан. Оның бірінші бөлімі әлемдегі ең кассалық мультфильм болды: оның қорында 1,3 млрд. доллар бар.
Крисс Бак пен Дженнифер Ли режиссерлік еткен туынды «Үздік анимациялық фильм» және «Үздік әуен» санаттары бойынша «Оскар» жүлдесін иемденді.
Осы орайда қазақ тіліндегі фильмдерді насихаттау үшін «еріктілер тобы» құрылғанын айта кетейік. Олар «Қазақтілді көрермен санын арттыру – Қазақстанның әрбір азаматының жауапкершілігі деген ұстаныммен қазақша киноны көретіндердің санын арттыруға жұмыс істемек. Осылайша талай жылдан бері «көрерменнен сұраныс жоқ» деп қазақ тіліндегі фильмдерді шетке ысыратын прокат мәселесін шешуге үлес қоспақ. Еріктілердің қатарына журналистер, блогерлер, әлеуметтік желі қолданушылар мен қарапайым тұрғындар да қосыла алады.
