Фото: instagram.com/zhazira.zhapparkul
Ауыр атлетикадан Рио Олимпиадасының күміс жүлдегері Жазира Жаппарқұл
Шымкент қаласы ауыр атлетика федерациясының вице-президенті қызметіне
тағайындалды, деп хабарлайды Ult.kz.
Бұрынғы ауыр атлеттің жаңа қызметке тағайындалғаны туралы ақпарат Amanat партиясының Шымкент қалалық филиалының желідегі парақшасында жарияланды. Куәлікті ҚР Ауыр атлетика федерациясының вице-президенті, Шымкент қаласы бойынша филиал президенті Мұрат Жолдыхожаев салтанатты түрде табыстаған.
Тағайындау барысында сөз сөйлеген Мұрат Жолдыхожаев Жазира Жаппарқұлдың спорттағы жетістіктері мен тәжірибесі өңірдегі ауыр атлетиканы дамытуға серпін беретінін атап өткен. Оның айтуынша, Олимпиада жүлдегерінің федерация жұмысына араласуы жас спортшыларға мотивация беріп, кәсіби спорттың жаңа деңгейге көтерілуіне ықпал етеді.
Өз кезегінде Жазира Жаппарқұл сенім білдіргені үшін алғыс айтып, өңірдегі
ауыр атлетиканы дамытуға бар күш-жігерін салатынын жеткізген.
Естеріңізге сала кетейік, Жазира Жаппарқұл Рио-де-Жанейро өткен 2016 жылғы
жазғы Олимпиада ойындарында 69 келі салмақта күміс медаль иеленді.
