28 нау, 2023 сағат 18:28

Оңтүстік Кореяда қашып кеткен қазақстандықты ұстауға сыйақы жарияланды

Фото: instagram.com/seoul_police

Оңтүстік Корея қашып кеткен қазақстандықты ұстауға 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) сыйақы ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.

Бұл туралы Оңтүстік Корея пабликтері мен әлеуметтік желілерден белгілі болды. Korea Komek мәліметінше, Оңтүстік Корея билігі 18 жастағы қазақстандық Нұрсұлтан Ырысбаевты ұстауға көмектескені үшін ақшалай сыйлық пен виза беруге уәде еткен.

"Нұрсұлтанға көмектескен отандастар! Егер кімде-кім оған көмектессе немесе оның қайда екенін білсе, бірақ бұл туралы хабарламаса, Нұрсұлтанның қасындағы адамдар қорықпай жүгіне алады, сіз туралы ақпарат еш жерде жарияланбайды!" - делінген хабарламада.