21 мау, 2025 сағат 12:27

Оралда автокөлік қағып кеткен жасөспірім қыз көз жұмды


Фото: Павлодар облысы өңірлік жедел жәрдем стансасы


Орал қаласында адам өліміне соқтырған жол-көлік оқиғасы болды. Оқиға 20 маусым күні С. Датұлы көшесі бойында көпірде болды, деп хабарлайды БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі.


— Шамамен сағат 17.30-да 2011 жылғы қыз белгіленбеген жерден жолдан жүгіріп өтіп бара жатқанда, оны 1999 жылғы жүргізуші айдаған «Лада Гранта» автокөлігі қағып кеткен. Жедел жәрдем қызметкерлері қыздың жанын аман алып қалуға тырысқанымен, ол есін жимастан, оқиға орнында көз жұмды, — деп хабарлады ведомстводан. 


Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде. 


Жол апатына байланысты сол тұста көлік кептелісі болды. 


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда топ болып жиналған 21 жасөспірімнің полицияға жеткізілгенін жазған болатынбыз.