02 мам, 2025 сағат 16:13

Оралда құтқарушылар түлкіні құтқарды

Фото: ТЖМ

Орал қаласы, Исатай-Махамбет көшесінде ерекше оқиға орын алды. 112 қызметіне тұрғындардан хабарлама түсті. Онда түлкі терезенің темір торына кептеліп, өз бетінше шыға алмай қалғаны туралы айтылған, деп хабарлайды Ult.kz.

Шақыртуға Төтенше жағдайлар министрлігінің жедел-құтқару жасағы дереу келіп жетті. Құтқарушылар аспалы құралдарды пайдаланып, жануарды қауіпсіз босатып алды.

Бұл жағдайдың салдарынан түлкі еш жарақат алған жоқ. Жануар табиғатқа жіберілді.

Мамандар азаматтарды осындай жағдайларда абай болуға шақырады және қажет болған жағдайда арнайы қызметке жүгінуді ұсынады.