10 ақп, 2020 сағат 10:15

Оскар-2020: "Паразиттер" триумфы

Америка киноакадемиясы Оскар киножүлдесінің 2019 жылғы жеңімпаздарын марапаттады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

92-ші "Оскар" сыйлығын табыстау рәсімі 2020 жылдың 10 ақпанына қараған түні ескі дәстүр бойынша Лос-Анджелес қаласындағы Долби театрында өтті. Биыл киноакадемия "Шет тіліндегі үздік фильм" санатының атауын өзгертті. Бұдан былай бұл санат "Үздік халықаралық толықметраж фильм" деп аталады.

"Оскар" жүлдесін тапсыру рәсімі осымен екінші жыл қатарынан жүргізушісіз (немесе сыйлық тарихында үшінші рет) өтіп жатыр Рәсім 225 елде көрсетілді.

Сондай-ақ, шарада корей режиссері Пон Чжун Хо түсірген "Паразиттер" фильмі бірден 4 аталым бойынша үздік шығып, ересен жетістікке қол жеткізді. Бұл – басты аталым бойынша жеңген алғашқы шетелдік картина.


Сонымен, 2019 жылдың жеңімпаздары:

Үздік фильм"Паразиттер" 

Үздік режиссер - Пон Чжун Хо ("Паразиттер") 

Үздік актриса - Рене Зеллвегер ("Джуди") 

Үздік актер - Хоакин Феникс ("Джокер")

Екінші пландағы үздік актриса - Лора Дерн ("Неке оқиғасы") 

Екінші пландағы үздік актер - Брэд Питт ("Бір күні Голливудта") 

Үздік сценарий - "Паразиттер" 

Үздік адаптацияланған сценарий - "Кролик Джоджо" 

Үздік анимациялық фильм - "Ойыншықтар оқиғасы 4"

Шет тіліндегі үздік фильм - "Паразиттер"

Үздік деректі фильм - "Америкалық фабрика" (режиссерлері Стивен Богнар, Джулия Райхерт)

Үздік оператор - Роджер Дикинс ("1917") 

Үздік композитор - Хильдур Гуднадоуттир ("Джокер") 

Үздік ән - (I'm Gonna) Love Me Again ("Рокетмен") 

Үздік монтаж"Форд Феррариге қарсы" 

Үздік дыбыс монтажы - "Форд Феррариге қарсы" 

Үздік дыбыс - "1917" 

Үздік визуалды эффектілер - "1917" 

Үздік макияж бен шаш үлгісі - "Сенсация" 

Үздік қысқаметражды анимациялық фильм - "Бұйрабас махаббат"

Үздік қысқаметражды деректі фильм - "Әскери аймақта қыз баланың скейт теуіп үйренуі" 

Үздік қысқаметражды көркем фильм - "Көршінің терезесі" 

Үздік қоюшы-суретші жұмысы - "Бір күні... Голливудта" 

Үздік костюмдер - "Кішкене әйелдер"