Фото: ашық дереккөз
2025 жылғы 1 қазанда Алматыда Қазақстан мен Латвияның іскер топтарының қатысуымен бизнес-форум өтті. Іс-шараға екі елден келген 50-ге жуық кәсіпкер мен компания өкілдері қатысты, деп хабарлайды Ult.kz.
Форум барысында тараптар көлік, логистика және сауда салаларындағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелерін талқылады. Қазақстаннан Еуропаға бағытталған жүктерді Латвияның Рига, Вентспилс және Лиепа порттары арқылы транзитпен экспорттау Орталық Азия мен Еуропа арасындағы логистикалық желіде маңызды рөл атқаратыны атап өтілді.
Жиын аясында әуе қатынастарын кеңейтуге ерекше назар аударылды. 2026 жылдың көктемінде SCAT Airlines Қазақстан мен Латвия арасында тікелей әуе рейсін іске қоспақ. Бұл қадам жолаушылар тасымалын жеңілдетіп қана қоймай, мәдени және іскерлік байланыстарды нығайтып, туризм мен инвестициялық жобаларды дамытуға жаңа мүмкіндіктер ашатыны күтіледі.
Сонымен қатар, тараптар теміржол тасымалдары өсімінің дәлелі ретінде екіжақты ынтымақтастық әлеуетін жоғары бағалап, жаңа әуе бағыты екі ел қарым-қатынасын нығайтудағы маңызды қадам болатынын атап өтті.
