Фото: ашық дереккөз
Көршілес елдің Экология министрлігі Қазақстандағы киіктердің бір бөлігін Өзбекстанға көшіру туралы бастама көтеріп отыр, деп хабарлайды Ult.kz.
«Қазақстанның Экология министрлігімен бірлесіп, біз 500 киік лағын Өзбекстан аумағына көшіруді жоспарлап отырмыз. Мамандарымыз олардың жергілікті ортаға бейімделуін зерттейтін болады. Бұл сирек кездесетін жануар түрін сақтап қалудағы маңызды қадам болмақ», - деді Өзбекстанның Экология министрі Азиз Абдухакимов.
Әзірге бұл ұсыныс құжат жүзінде бекітілген жоқ. Қос тарап келіссөз жүргізіп жатқаны айтылды.
