12 мам, 2020 сағат 08:01

Өзбекстан парламенті ЕЭО-ға бақылаушы ретінде қатысуды мақұлдады

Өзбекстан парламенті сенаты 11 мамырда Өзбекстанның Еуразия экономика одағымен ынтымақтастығы мәселесін қарастырды. Сенат баспасөзінің хабарлауынша, "ашық және қызу пікірталастан соң" сенаторлар Өзбекстанның Еуразия экономика одағына бақылаушы - мемлекет ретінде қатысатынын мақұлдады.

- Бұл құқықтық мәртебені сәуірдің 28-іне Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы құптаған, - деп хабарлайды Азаттық радиосының Өзбек редакциясы.

2015 жылдың қаңтар айынан бастап іске қосылған Еуразия экономика одағына Қазақстан, Қырғызстан, Армения, Беларусь және Ресей кіреді. Молдова бақылаушы - мемлекет құқықтық мәртебесімен қатысады.