02 қыр, 2025 сағат 12:15

Парламент Палаталарының бірлескен отырысы бірнеше минутқа ғана созылды


Фото: gov.kz

Бүгін Астанада Парламент Палаталарының бірлескен отырысы өтті, деп хабарлайды Ult.kz.

Отырысты Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов ашты. Содан кейін қос палата депутаттары Қазақстан Республикасының әнұранын орындады. Кейін Ерлан Қошанов отырысты жабық деп жариялады.

Алқалы жиын сағат 11:00-де басталды.

Айта кетейік, Бүгін VIII сайланған Парламенттің төртінші сессиясы жұмысын бастады.


Депутаттар 2 ай бойы өңірлерді аралап, сайлаушылармен кездесті. Ел-жұрттың билікке сауалдары мен ұсыныстарын өз аузынан естіп, өңірлердегі шынайы жағдайды көздерімен көріп қайтты.