08 қар, 2025 сағат 13:53

Павлодар облысында автобус аударылып қалды: адам шығыны бар


Жол апаты. Видеодан кадр: instagram.com/dp_pavlodar


7 қарашада Павлодар облысында жолаушылар автобусы жол жиегіне аударылып, салдарынан бір адам қаза тауып, алтауы жарақат алды, деп хабарлайды өңірлік полиция департаменті.


Өңірлік ПД өкілдерінің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасы "Павлодар–Қызылорда" автожолында, Шідерті кентінен 10 шақырым жерде орын алған. Алдын ала мәлімет бойынша рейстік автобустың жүргізушісі көлікті басқара отырып, оны жол жиегіне аударып алған.


Жол-көлік оқиғасының салдарынан бір жолаушы көз жұмып, тағы алты адам түрлі дене жарақаттарын алды.

Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталады.


Алдын ала мәліметке сәйкес, 7 қараша күні «Павлодар–Қызылорда» автожолында, Шідерті кентінен 10 км жерде, рейстік автобустың жүргізушісі көлікті басқара отырып, оны жол жиегіне аударып алған.


Оқиғаның мән-жайы мен себептері тергеу барысында анықталатын болады.


Полиция департаменті жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалауды және ауа райының өзгеруін ескеруді еске салады.


Полицейлер жол-көлік оқиғаларының алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға жол жүру ережелерін, жылдамдық режимін қатаң сақтауды, әсіресе қозғалысы қарқынды учаскелерде, көлік құралдарының техникалық жағдайын қадағалауды және ауа райының өзгеруін ескеруді еске салады.