Фото: Pexels.com
Павлодар облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаменті жүргізген мемлекеттік бақылаудың нәтижесінде 2025 жылдың I тоқсанында бірқатар әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы арзандады, деп хабарлайды Ult.kz.
Атап айтқанда:
- картоптың бағасы — 330 тг/кг-нан 184 тг/кг-ға дейін,
- сәбіз — 105 тг/кг-дан 69 тг/кг-ға дейін,
- қарақұмық жармасы — 450 тг/кг-дан 339 тг/кг-ға дейін,
- тұз — 120 тг/кг-дан 109 тг/кг-ға дейін,
- макорон — 430 тг/кг-нан 388 тг/кг-ға дейін,
- тауық еті — 1 400 тг/кг-нан 1 322 тг/кг-ға дейін төмендеді.
Мұндай нәтижеге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына сауда үстемесін реттеу бойынша заңнама талаптарының сақталуын қатаң бақылаудың арқасында қол жетті.
2025 жылдың I тоқсанында Департамент сауда субъектілеріне 68 тексеру жүргізді, оның 43-і жоспардан тыс тексеру және 25 профилактикалық тексеру. Тексерулер Павлодар (33), Екібастұз (21), Ақсу (12) қалаларында, сондай-ақ Тереңкөл ауданының (4) сауда объектілерін қамтыды. 58 сауда субъектісі сауда заңнамасын бұзғаны анықталды, 10 тексерісте ешқандай заң бұзушылық анықталмады.
Тексеріс кезінде жекелеген жағдайларда шекті сауда үстемесі сақталмағаны анықталды:
- 106% - картоп,
75% — сәбіз ,
52,5% — қарақұмық,
27,2% — тауық еті.
